Елімізде алдағы демалыс күндері ауа райының қандай болатыны белгілі болды. Синоптиктер күн жылынатынын болжауда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Казгидрометтің болжамынша, кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жылы болады.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан +5°С-қа дейін болады.
