Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда емделген шетелдіктердің санын жариялады. Спутниктің жазуынша, өткен жылы еліміз шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бүгінде Қазақстанға медициналық туризммен келетін шетелдіктердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясын алған.
"Қазақстанның басты артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленуде", - деп атап өтті Мырзабосынов.
Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Ал премьер-министр Олжас Бектенов жазғы уақытта қолайлы бағамен қосымша рейстер ұйымдастыруды тапсырды.