Елімізде жұмысшылар саны ең көп сала қандай екені белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 миллион 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған.
Оның ішінде:
7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%) болса;2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%).
Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:
-
сауда – 17%
-
білім беру – 13,2%
-
өнеркәсіп – 12,5%
-
ауыл шаруашылығы – 10,3%
-
көлік және қойма – 7,2%
-
құрылыс – 6,8%
-
денсаулық сақтау – 6,6%
2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты. Өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген.
