Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға қандай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтып берді. Сөзінше биылдың өзінде жұмысынан айырылғандар 95 млрд теңге әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл 285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алған. Жұмысынан айырылып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алғандар саны 285,2 мыңға жетті.
"240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды", - дейді министрлік.
Заң аясында жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-і мөлшерінде болады. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленеді.
