Еліміздің бірқатар қалаларына аяз қайта келеді. Толассыз жауған жауын арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Мұндай болжамды Казгидромет мамандары жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады. 14-16 сәуір күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болады.
"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Ауа температурасы:
 
батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
 
солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
 
оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.