Казгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Онда еліміздің бірқатар өңірлерінде күн жылынатыны айтылса, енді өзгелерінде әлі де көктайғақ сақталмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Синоптиктер болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстан бойынша көктемгі ауа райы орнайды деп болжанауда. Оңтүстік өңірлерде күн айтарлықтай жылынады. Ал солтүстікте әлі де жауын-шашын мен көктайғақ сақталуы мүмкін.
Мысалға, Астанада 17 наурыз күні ауа температурасы +5 + 7 °C, желдің жылдамдығы – 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетсе, Алматыда бұл күні ауа температурасы күндіз +15+17 °C, желдің жылдамдығы 2-7м/с, түнде +2+4 °C болады.
Ал Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын болады. Түнде ауа температурасы -3-тен +2°С, күндіз + 4...+9°С.
Елдің батыс бөлігі – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз. Бірақ күші 20 м/с дейін жел мен шаңды дауыл тұрады. Күндізгі ауа температурасы +18...+24°С, түнде +5...+12°С.
Шығыс өңірлерде – Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +3...+8°С, түнде -10...-2°С.
Орталық өңірлерде – Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін.
Тек Шымкент тұрғындарын алдағы үш күнде жылы ауа райы қуантайын деп тұр. Көшпелі бұлт шығады және оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+9°С, күндіз +20...+27°С.