Елімізде жыл өткен сайын автокөліктер саны көбейіп барады. Биылғы жарты жылдың өзінде 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Energyprom.kz сараптамалық сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, тіркелген 5,5 миллионның 4,8 млн-ы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.
Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында да көлік көп.
Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.
Биылғы жарты жылда қазақстандықтар 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ға өсіп отыр. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.
Ал көліктердің шыққан жылына зерттеу жүргізгенде, биыл жарты жылдағы көрсеткіш бойынша 2,5 миллон көліктің жасы 20 жылдан үлкен. Ал небәрі 335,2 мың көлік үш жыл ғана жүрілген.