Елімізде орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды. Бүгінде Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер бар екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 395,2 млрд теңге зейнетақы төленді. Республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 131,3 млрд теңге бөлінді, ал ынтымақты зейнетақы төлеуге 263,9 млрд теңге жұмсалған.
Жалпы бүгінгі таңда Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер бар.
"1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге", - дейді министрлік.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
