Елдегі пәтерлер бағасы әр өңірде түрліше. Дей тұрғанымен нақты статистика қалай көрінеді? Ұлтты статистика бюросы осы деректі жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мәліметке сүйенсек, 2025 жылғы көрсеткіш бойынша еліміз бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 505 075 теңге тұрады.
Ең қымбат пәтер құны Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік мегополисте орташа есеппен пәтердің 1 шаршы метрі үшін 589 900 теңге бағасы сұралады. Екінші орында Астана қаласы 1 шаршы метрі үшін 581 900 теңге және үштікке Атырау қаласы кіреді, 1 шаршы метрі үшін 506 825 теңге.
Ал қолжетімді жаңа тұрғын үй бағасы Оралда 1 шаршы метрі үшін 284 136 теңге, Ақтөбеде 1 шаршы метрі үшін 288 203 теңге және Көкшетауда 1 шаршы метрі 331 988 теңге тұрады.
Пайдалануға берілген пәтерді сату бағасы мынадай:
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы, яғни, елімізде пәтерді қайта сату бағасының орташа құны 1 шаршы метрі үшін 531 676 теңге болды.
Ең қымбат екінші нарықтағы тұрғын үйлер Астанада 1 шаршы метрі үшін 661 849 теңге, Алматыда 1 шаршы метрі үшін 611 821 теңге және Атырауда 1 шаршы метрі үшін 482 711 теңге.
Ең қолжетімді баға Қызылордада – 1 шаршы метрі үшін 315 877 теңге, Ақтөбеде 1 шаршы метрі үшін 323 746 теңге және Көкшетау қаласында 1 шаршы метрі үшін 326 589 теңге сұрайды.
Пәтерді жалдау бағасы бойынша көрсеткіш:
Ел бойынша жайлы тұрғын үйді жалдаудың орташа құны 1 шаршы метрі үшін 4 560 теңге.
Ең жоғары жалдау бағасы тіркелген қалалар:
Алматы – 5 480 теңге (1 шаршы метр үшін);
Астана – 5 130 теңге (1 шаршы метр үшін);
Қарағанды – 4 349 теңге (1 шаршы метр үшін).
Ең төменгі жалдау бағасы тіркелген қалалар:
Тараз – 2 177 теңге (1 шаршы метр үшін);
Түркістан – 2 593 теңге (1 шаршы метр үшін);
Ақтөбе – 2 649 теңге (1 шаршы метр үшін).
Тұрғын үй бағасының жылдық өсімі
Бір жыл ішінде (2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы ақпанға дейін) елдегі тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті. Оның ішінде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы орташа есеппен 5,4 пайызға қымбаттады, жаңа тұрғын үй бағасы 4,8 пайызға өсті және жалдау ақысы 12 пайызға қымбаттады.