Ел өңірлерінде тағы күн ысиды. Қазгидрометтің хабарлауынша, 1–4 шілде аралығында бірқатар аймақта өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ұлытау облысында күндіз 35–38°С қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35 градус ыстық болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 38°С-қа дейін көтеріліп, облыс аумағында төтенше өрт қауіпі сақталады. Таразда да қауіп өте жоғары болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстігінде 35°С ыстық болады. Жаңбырсыз ауа райы өрт қаупін күшейтеді.
Қарағанды облысының шығысында найзағай болып, ал батысы, шығысы және оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болады. Петропавлды тұман басады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады.
Алматы облысында солтүстік-шығыс жел соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с. Күндіз 35–36°С ыстық болады. Өңірдің солтүстігі, батысы және орталығы — төтенше, ал оңтүстігі мен шығысы — жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Қонаевта 35°С қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысының бірнеше ауданында найзағай мен бұршақ жауады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте 35°С аптап күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары болады.
Жетісу облысында 2–4 шілде күндері 35–39°С аптап күтіледі. Талдыкорғанда да осындай ауа райы болады.
Қызылорда облысында күндіз 40–41°С аптап болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Абай облысында түнде найзағай, күндіз бұршақ жауып, жел тұрады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі шығысында — жоғары, оңтүстігінде — өте жоғары деңгейде.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Жел бағыты өзгереді, екпіні 23 м/с. Өрт қаупі жоғары. Өскеменде де күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау облысының оңтүстігінде найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Батыс пен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында 40–42°С аптап болады. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Павлодар облысында найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында найзағай болады. Күндіз оңтүстігінде 38°С ыстық болады. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Оралда да найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.