Елімізде тағы бір жаңа мерекелік дата пайда болды. Енді биылдан бастап тізбеге қосымша тармақпен 3 қыркүйек Қазақы тазы мен төбет күні болып белгіленді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.
Айта кетері, төрт жыл бұрын Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған еді. Содан бір жылдан кейін Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) Бас Ассамблеясының отырысында Қазақстан кинологтары одағы осы ұйымның толық құқылы мүшесі деп танылды.
