Елімізде шекарадан жылдам өту мүмкіндігі іске қосылды. Бұл режим ақылы түрде болады. Өзгеріс бүгін 23 қыркүйектен қолданысқа енеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қаржы министрлігі ақылы негізде электронды кезек бойынша мемлекеттік шекара арқылы өткізу ережесіне өзгерістер енгізді. Спутниктің жазуынша, бұл көлік құралдары, тауарлардың және жүктердің иелеріне қатысты. Құжатта шекарадан жылдам өту үшін жеке ақылы режимді енгізе отырып, кезектен тыс және жылдам өткізу тәртібі жазылған.
2023 жылы жарияланған бұйрықта жүк көліктері мен ауыр жүк көлік иелері өткізу пунктінен жедел өту үшін 100 АЕК немесе 393 200 теңге (724,6 доллар) төлейтіні жазылған. Жаңа ережелерде қаржы министрлігі осы бұйрыққа сілтеме жасайды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарына өткізу пункттерінің жанында күту аймақтарын жайластыру міндеті жүктеледі.
"Күту аймағы - көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы аймақ. Мұнда өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті негізге алынады. Өткізу пунктіне тікелей жақын орналасқан арнайы жабдықталған алаң", - деп түсіндірді ведомство.
Бұйрық 2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
