Елімізде қанша қала және аудан, ауыл бары белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бюро дерегіне сүйенсек, бүгінде елімізде қала мәртебесі берілген 90 елді мекен бар екен. 

Соңғы 1 жыл ішінде олардың саны тек бір бірлікке ғана артқан. Яғни, Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. 

Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны — 39, аудандық маңызы барлар — 38, Республикалық маңызы бар қала — 3.

Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.

2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар екен.