Елдегі ақылы жолдардыңы қанша миллион теңге табыс алып келгені жарияланды. Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"ҚазАвтожол" ұлттық компаниясы жыл басынан бері көліктер көп жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялады. Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген, дейді компаниядағылар. Қазақстандықтар биыл көп жүрген жолдардың ондығына мына учаскелер кірді:
"Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді", - дейді компания мамандары.
