Ел азаматтары енді Үкімет отырысының онлайн-трансляциясы кезінде пікір білдіре алады. Қаулыны Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Zakon.kz-тің жазуынша министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірлеген. Яғни жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.

"Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруғамүмкіндік беріледі", – делінген құжатта. 

Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.