Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақстандықтардың қай елдерде жұмыс істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Комитет төрағасы биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам қазақстандықтың шет мемлекеттерде еңбек етуге кеткенін мәлімдеді.
Оның ішінде:
Ресей Федерациясында –162 мың;
Польшада –13 мың адам;
Оңтүстік Кореяда – 6 мың адам;
Ұлыбританияда 5 мың адам жұмыс істеп жүр.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Асқарбек Ертаев Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдермен ондағы ҚР азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдер жасауға бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын да айтып берді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанды “Еңбекке рұқсат беру жүйесіне” енгізу мәселесі пысықталуда. Осы жүйе арқылы жұмысқа орналастыру migration.enbek.kz порталында тіркелу арқылы жүзеге асырылады.