Қазақстандықтардың кредит жүктемесі өсіп жатыр. Бұл жөнінде үкіметтегі брифингте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Спутниктің жазуынша, вице-министр қарыз ауыртпалығын азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту үкіметтің басымды бағыттағы жұмыстары екенін айтқан.

"Мен халықтың қарыз ауыртпалығы және тұтынушылық несиелердің өсуі мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Тұтынушылық несиелер оның үштен екі бөлігінен астамын құрайды, бұл 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр", - деді вице-министр.
Вице-министр бұл шара қолдануды қажет ететін маңызды мәселе екенін айтты. Жалпы үкімет тарапынан ұсынылып отырған шараларға банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы мерзімі өткен тұтынушылық несие қарызды реттеу, тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің шекті деңгейін есептеу әдіснамасын қайта қарау, сондай-ақ қаржылық қызметтерді көрсетудегі заңға қайшы әрекеттердің алдын алу талаптарын енгізу кіреді.
 
Бұл қосымша қызметтерді алуға мәжбүрлеу және маңызды шарттарды жасыруды қамтиды. Сондықтан несие бермес бұрын банктер мен несие мекемелері қарыз алушыларға несие шарттары туралы нақты жадынама беруге міндетті болады. Үкімет әлеуметтік осал топтарды қоса алғанда, азаматтардың жеке санаттары үшін жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жеңілдетуді де ұсынып отыр.