Елдегі жұмыссыз адамдар саны белгілі болды. Әсіресе олардың көп бөлігі қай өңірде екені нақтыланған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Елімізде жұмысы жоқ ретінде ресми тіркелген адам ғана «жұмыссыз» саналады. ҚазАқпараттың дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ресми 448 мың жұмыссыз адам есепте тұр.

Еңбек және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында олардың ең көп бөлігі қай өңірлерде екенін айтып берді. Сөзінше, ең көп жұмыссыздық Түркістан облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы.

Сонымен қатар,  елімізде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардан бөлек, тіркелмей жұмыссыз жүрген азаматтар да бар.

Жалпы былтыр елімізде 714 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған еді.