Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы. 2026 жылдың мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Оның ішінде:
"2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк автомобильдері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% – өзге көлік құралдары", - деп жазылған хабарламада.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көлік құралдарының 80%-ы бензинмен жүреді, 7,6%-ы - дизель отынын пайдаланады, аралас отындағы көлік құралдарының үлесі – 6,5%. Жалпы көлік құралдарының ішінде газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4%-ды құрады. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5%-ын құрайды.
Электр қуатын пайдаланатын көлік құралдарының ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
