Биыл қараша айының басында елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім еткен.
“Осы ретте, үстіміздегі жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы”, - деді Мұрат Нұртілеу.
Еске салайық, Түркі мемлекеттерінің 10-шы мерейтойлық саммиті Түркістан қаласында өтеді.