Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындайтынын, әрі залалды өтегісі келетінін айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Аппеляциялық алқа Боранбаев пен Нахановқа, сондай-ақ Тайыр Жанұзаққа қатысты істі қайта қарады. Адвокат Данияр Қанафин сотта өтініштің кінәні мойындау және залалды өз еркімен өтеу, тергеу органдарымен ынтымақтастық туралы мәміле жасасудан тұратынын мәлімдеген. Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен 2022 жылдың наурыз айында қамауға алынған еді. Ал сот өткен жылдың желтоқсан айында басталды.