Ауа райына байланисты еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қар жауып, тұман түсетінін, тіпті кей өңірде көктайғақ болатынын болжаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Казгидромет дерегинше, Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. 

Ұлытау облысының шығысында және Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.  

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ал Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.