Петропавлда қолөнершілер тіккен құрақ көрпе Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Оның ұзындығы 500 метр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл туралы Спутник жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, қолөнершілер республикалық "Аламан құрақ" байқауында ұлттық нақышта көрпе тіккен. Бір шыңды бағындырған шеберлер енді әлемдік рекордқа дайындалып жатыр.

"Кесте тігуді 4 жасымнан бастадым. Ол кезде кішкентай бала едім. Тұрмысқа шыққан соң көрпе тігумен айналыстым. Мұнымен әлі де әуестенемін. Жарыста 1,5 мың қатысушыдан 200 қолөнерші ақтық сынға шықты. Біз соңына дейін жетеміз деп шештік және бұл шешімімізге өкінбедік. Қанша көп күш жұмсадық, бірақ бұл ақталды", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Бақыт Мұстафина.

Петропавлдық қолөнершілер ұлттық тігін өнерінің дәстүрі мен тарихын кейінгі ұрпаққа мұра етуді армандайды. Қазірдің өзінде олар өз тәжірибесін және білімін бөлісуге дайын.