Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Оқиға 25 тамыз күні Қостанай облысындағы Ұзынкөл кентінде тіркелді. Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Анықталғандай ол 12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды. Жасөспірім ауруханаға ес-түссіз күйде ауыр жағдайда түсіп еді. Қыздың қайтыс болғанын Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады.
"Дәрігерлеріміз бар күшін салды. Өкінішке орай ем-дом нәтиже бермеді. Жасөспірім қыздың жүрегі тоқтады. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз. Біз тек 9 жастағы қыздың көз жұмғанын растауға жиналып отырмыз", - деді Нұрлан Ержанов.