Үндістан мемлекеттің атын өзгертуі мүмкін. Шешім қабылданса Бхарат болады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Закон.кз-ке сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, Үндістанды ежелгі Бхарат атауына өзгерту туралы қарар парламенттің 18-22 қыркүйекте өтетін сессиясына енгізу жоспарланып отыр.
Бұл ақпаратты Конгресс жетекшісі Джайрам Рамеш те растаған. Ол Раштрапати-Бхаван президент Бхараттың атынан G20 елдерінің қатысушыларына шақыру жібергенін атап өтті.
"Демек, бұл жаңалық рас. Енді Конституцияның 1-бабында: "Үндістан болған Бхарат Штаттар одағы болуға тиіс" деп жазылуы мүмкін", – деп нақтылады Рамеш.
Бхарат – хинди тілінде Үндістанның тарихи атауы. Елдің "Үндістан" атауын солтүстік-батыс еуропалықтар елдің солтүстігінде ағып жатқан Үнді өзеніне байланысты қойған. Ал үнділер оны "Синдху" деп атайды.
Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма сейсенбіде елдің атауын Бхарат деп өзгертуді қолдады.