Әлемдегі ең бай бес отбасы тізімі жарияланды. Көш басында Әл Нахайян әулеті тұр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Тізімді Bloomberg агенттігі жариялады. Дерекке сүйенсек, Әбу-Дабидің билеуші Әл Нахайян әулеті 2023 жылғы әлемдегі ең бай отбасылар рейтингінде көш бастаған. Әулет өкілдерінің бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян. Бұл әулеттің байлығы 305 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Екінші орынды Walmart дүкендер желісінің иесі Уолтон отбасы иеленді. «Bloomberg» отбасының байлығы 259,7 миллиард долларға жететінін атап өтті.

Hermes сән үйінің негізін қалаған Гермес отбасы 150,9 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

Одан кейінгі орындарды 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars брендіне иелік ететін Марс отбасы, сондай-ақ Катар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті Ас-Санидың отбасы (133 миллиард) иеленді.