Әлем мемлекеттірінің ішінде қыс мезгілінде ең көп қар жауатын қалалар жетерлік. Олардың ішінде жауған ақ ұлпаның биіктігі 8 метрге дейін жететін өңірлер де бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мұндай ақпаратты Спутник жазды. Онда АҚШ, Қытай, Ресей, Канада сынды мемлекеттер бар. Ал ең көп қар түсетін қала Жапония мемлекетінде орналасқан.
Аомори деп аталатын қала Жапония мемлекетіндегі Хонсю аралының солтүстік жағалауында орналасқан. Аоморидегі қар үйінділерінің биіктігі 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарашадан сәуірге дейін қар жауады, бұл уақытта жолдар қарлы лабиринттерге айналады.
Қар көп жауатын қалалар тізіміне Канададағы Сагеней қаласы да кіреді. Бұл салыстырмалы түрде Канаданың жас қаласы болғанымен, планетадағы ең қарлы аймақтардың бірі ретінде танымал. 147 мың халқы бар бұл қалаға жыл сайын 3 метр қар жауады. Қар толассыз жауатын күндер 92-ге жетеді.
Сонымен қатар, Жапонияның Саппоро, Тояма қалаларына да қыс мезгілінде 5 метр биіктікке дейін қар жауатын жағдайлар тіркеледі.
Жалпы, әлемдегі ең көп қар жауатын қалалар тізбегіне Канададағы Сент-Джонс, АҚШ-тың Буффало, Қытайдағы Муданьцзян, Ресейдегі Петропавловск-Камчатский қалаларын да жатқызуға болады. Мұнда қыс мезгілінде жауған қар биіктіге 3,5 метрге дейін жетеді.
