Әлемдегі ең қарт адам көз жұмды. Ол Гиннестің рекордтар кітабында 115 келген ең кәрі азамат болатын, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Венесуэла тұрғыны, әлемдегі ең қарт адам Хуан Висенте Перес Мора 115 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро мәлімдеген. 

"Әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Хуан Висенте Перес Мора 115 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мен оның отбасын құшақтап, Эль-Кобре қаласының тұрғындарына көңіл айтамын", - делінген президент жазбасында. 

Перес Мора 1909 жылы 27 мамырда Венесуэланың Эль-Кобре қаласында 10 баланың 9-ыншысы болып дүниеге келді. Ең ұзақ өмір сүрген оның 11 баласы бар. Перес Мора өмірінің соңын Сан-Хосе-де-Боливардағы үйінде өткізген.