Еліміздегі қалаларда қоғамдық көлікпен қатынау құны қанша теңге екені жарияланды. Деректі Ұлттық статистика бюросы жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Дерекке сүйенсек, қазақстандықтар үшін қалалық автобуспен жол жүрудің ең арзан ақысы Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында тіркелген. Мұнда жол жүру құны – 70 теңге.
Ал баршаға белгілі, әрі жиі таралған 80 теңгелік жолақы Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген.
Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте жүргенде 100 теңгеден төлейді.
Алматыда бұл мөлшер жақында 120 теңгеге көтерілді. Осылайша қалалар арасында ең қымбат жол жүру ақысы ретінде тіркеліп отыр.