Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланады. Яғни олардың отыратын тұсына арнайы қоршау қойылмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы айтты. Сөзінше мұндай шешім желтоқсан айында болған апатқа байланысты қабылданған. 

“Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз”, - деді ол. 

Естеріңізде болса, желтоқсан айының соңында автобус бір топ адамды қаққан еді. Оқиға жанжал шығарып, артынша жүргізушіге қол жұмсаған жолаушы әрекетінен болды. Апат салдарынан 3 адам көз жұмды.