Алматылықтар бүгін 3 балдық жер сілкінісін сезді. Табиғат мінезінің эпицентрі Талғар аумағы. Онда 4 балдық күш тіркелген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сүйенсек, адам шығыны мен зардап шеккендер де жоқ.Бірақ қала тұрғындарынан "112" желісіне 50-ге жуық қоңырау келіп түскен. Солардың басым бөлігі жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неліктен іске қосылмағаны туралы сұрақ қойыпты. 

Осы орайда, ҚазАқпарат агенттігіне Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова Алматыда жер сілкінісін тіркейтін неше станция барын айтқан. Спикер сөзінше Алматы өңірінде 40-қа жуық сейсмикалық станциялар жұмыс істейді. Алайда, бұл станциялар саны мегаполис үшін жеткіліксіз екен. 

«Жер сілкінісіның күші неғұрлым жоғары болса жер сілкінісі тұралы толық қанды қажет мәліметтер алуға бірнеше станциялар жеткілікті.Жер сілкінісінің күші төмен болған жағдайда бірнеше станциядан алынған деректер жеткіліксіз.Шағын,әлсіз жер сілкінісітерін тіркеу сейсмикалық станциялардың санының көптігін қажет етеді.Шағын дүпулер жер астында болып жатқан сейсмикалық құбылыстардың туындау ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.Сондықтан тек құралдар арқылы тіркелетін шағын және әлсіз тербелістерді анықтау мүмкін болатын күшті жер сілкінісін болжауға өте қажет мәліметтер болып табылады. Қазіргі кезде, Алматы өңірінде 40 сейсмикалық станция жұмыс істейді. Алайда, жоғарғыда айтқандай бұл станциялар саны Алматы аймағы үшін жеткіліксіз», – дейді Елизавета Есенжігітова.