Айнабеков Бауыржан Бақтыбайұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Алматы облысы филиалының президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл туралы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы instagram-дағы парақшасында жазды. Онда Алматы облыстық филиалды Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы, депутат Айнабеков Бауыржан Бақтыбайұлы басқаратынын сүйіншілеген. Әрі мәслихат депутатының тәжірибесі мен біліктілігіне зор сенім артатынын да жазып отыр. 

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы Қарасай ауданында киокушинкай-кан каратэден “BATYRBALA - 2024” халықаралық турнирі басталды. Жарыста Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан және еліміздің 15 өңірінен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды.