Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына тоғы бір медаль салды. Дзюдошы белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды. Ал алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.
Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген.
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.
Бұған дейін Қазақстан құрамасына алтын сыйлаған Елдос Сметов жайлы жазған едік. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар.