Елімізде түрлі салада жұмыс істейтін әйелдер саны нақтыланды. Статистика бюросы дерегіне сүйенсек, жұмыспен қамтылған халықтың 48,3 пайызы қыз-келіншектер екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-ы. 

Олардың қатарында 3,4 миллион әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған. 

Салалар бөлінісінде көрсеткіш мынадай: Яғни, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді екен. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%-ы. Ал көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%,денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6% және өнеркәсіпте – 7,8%.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.