Қазақстанға бір жыл ішінде шетелдік хакерлер 223 миллионнан аса кибершабуыл жасаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ондағы дерекке сүйенсек, елімізге жасалған кибершабуылдардың дені Украина, АҚШ, Польша, Ресей және Қытайдан тіркелген. Атап айтқанда, Украинаның инфрақұрылымын пайдалану арқылы шабуыл жасау шілдеде болған және барлық шабуылдар (95%) Zyxcel жабдықтарын пайдалану әрекеттерімен байланысты.

Шетелдік хакерлер интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі клиенттерін қорғауда бар күшін салды. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – интернетке кірген кезде телекоммуникациялық желілерді қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.

Елімізге сырттан кибершабуылдар жергілікті атқарушы (133,5 млн әрекет) және мемлекеттік органдарға (47,7 млн), сонымен қоса квазимемлекеттік сектор (27 млн), байланыс операторы (19,9 млн) және жеке компанияларға (2,9 млн) жасалған.

Мемлекеттік секторға бағытталған шабуылдардың үлесі – 62%. Шабуылдардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда СҚО, Ақмола облысы, Қостанай облысында тіркелді.