Елдегі екі музейге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлттық мәртебе берілді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей Ұлттық мәртебеге ие болып отыр. 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Ақорда жариялаған құжатта.