Елімізде ойын бизнесі мен лотореяларды реттеу комитеті құрылды. Ведомства туризм және спорт министрлігінің құрамынан жұмыс істейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Осылайша министрлікте мынадай комитеттер құрылымданып отыр:
- Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
- Туризм индустриясы комитеті;
- Ойын бизнесі және лотереяларды реттеу комитеті.
Үкіметтің 4 қыркүйектегі Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулысы бекітілді. Құжатқа сәйкес, Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяларды реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылды.