Қазақстанда 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Спутниктің жазуынша, ең проблемалы аймақтар – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы. 

"Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр. 293 проблемалық нысанның 136-сы Астанада", - делінген ақпаратта. 

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаражат есебінен 140-тан астам тұрғын үй кешені құрылысы аяқталған. Бұл 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүкіл ел бойынша мыңдаған үлескер әлі күнге дейін алданып келеді.

Жекелеген өңілер мен қалаларда жағдай өте қиын — "сұр" нарықтың үлесі 90%-тен асады. Проблемалы қалаларға Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Ақтау және Ақтөбе жатады.

Азаматтарды алдаудан басқа, сапасыз құрылыс мәселесі де өзекті. Мәселен, 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде Алматының өзінде 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды және оларды жоюға 634 ұйғарым берілді. Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылды.