Елдегі запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады. Бұл тізімге негізінен әскери қызметке жарамды және оны өтемегендер еніп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Ел Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады. Онда барлығы 752 адам қызметке тартылатыны көрсетілген. Яғни: 

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • Ұлттық ұлан – 42 адам;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.

"Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын", - делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.