Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қандай өзгерістер болады? Спутник бірқатар заңи өзгерістер мен тың жаңалықтар және ескертулер топтамасын құрастырған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Көлік автолизингке беріледі

1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға автокөлік лизингке беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған дейін сауда және интеграция министрлігі бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын.
Автокөлік лизингі – бұл мүлікті ұзақ мерзімге жалға алу формасы. Ондайда көлікті белгілі бір уақытқа пайдалануға беріледі. Жалға алушы ай сайын төлем жасайды. Бірақ көлік лизингтік компанияның иелігінде қалады. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін клиентке бірнеше ұсыныс жасалады. Олар:
 
көлікті қайтару;
 
қалдық бағамен жекеменшікке сатып алу;
 
жаңа келісімшартпен басқа көлікті жалға алу.
 
Осылайша көліктің толық бағасын емес, амортизациясына ғана төлеп, міне беруге мүмкіндік болады. Ал келісімшарт типтік үлгіде тек жаңа көліктерге рәсімделеді.

Шина ауыстырмағандар айыппұл төлейді

Көлік мінетіндер қыстың басты талабын ұмытпауы қажет. Заң бойынша 1 желтоқсаннан бастап қысқы шинаға өту қажет. Бұл талап 1 наурызға дейін сақталады. Ал оны бұзғандарға айыппұл салынады.
 
Айыппұлдың мөлшері:
 
5 АЕК (2025 жылы – 19 660 теңге, 2026 жылы – 21 625 теңге);
 
құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (2025 жылы – 39 320 теңге, 2026 жылы – 43 250 теңге).

Телефония мен жеткізу қызметтері қымбаттайды

"Транстелеком" компаниясы желтоқсанда телефония қызметінің бағасын өзгертеді.
 
Жаңартылған бағаға сәйкес, телефония үшін ай сайынғы абоненттік төлем қалаларда 990 теңге, ал ауылдарда 650 теңге болады. Қосымша мәселелер туындаған жағдайда 191 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.
 
"CDEK" компаниясы да бірқатар жеткізу қызметіне, атап айтқанда, Қазақстаннан Ресейге, ЕАЭО елдеріне және ел ішінде жөнелтуді қоса алғандағы негізгі бағыттарға бағаның көтерілгенін хабарлады.

"Шексіз әлем" қызметі тоқтатылады

1 желтоқсаннан бастап Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары роумингте "Шексіз әлем" қызметін ұсынуды тоқтатады. Бұл қызмет мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және навигациялық карталарды шектеусіз пайдалануға мүмкіндік берген. Оны өшіргеннен кейін абоненттерге халықаралық пакеттерге енгізілген гигабайттар ғана қолжетімді болады. Сонымен қатар операторлар БАӘ, Қытай, Чехия және Оңтүстік Корея сияқты танымал туристік бағыттардағы байланыс тарифтерін қайта қарады. Енді қызмет құны таңдалған пакетке және елге байланысты болады және барлық опцияның жарамдылық мерзімі 30 күнді құрайды.
 
Үлкен пакеттерден басқа, сирек немесе қысқа сапарларға арналған бір күндік шешімдер де бар.

Жаңа лоукостер келеді

Қазақстанның әуетасымалдау нарығында жаңа лоукостер – тайландтық "Thai Air Asia X" компаниясы жұмыс істей бастайды. Оның ұшақтары "Бангкок-Алматы" бағытында аптасына төрт рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі мен жексенбі) ұшады.
 
Ал Беларусьтың "Белавиа" әуе компаниясы "Минск-Алматы" бағытында жолаушылар тасымалын қайта бастайды. Атап айтқанда, рейстер Минскіден дүйсенбі мен бейсенбіде, Алматыдан сейсенбі мен жұма күндері орындалады.

Ташкентке пойызбен баруға болады

14 желтоқсаннан бастап "Алматы-Ташкент" бағытында Talgo пойызы қатынайды.
 
Билет бағасы:
 
отыратын орын – 10 167 теңге;
 
купе – 20 711 теңге;
 
люкс – 30 772 теңге.

Оқушылар каникулға шығады

29 желтоқсанда оқушылардың қысқы каникулы басталады. Олармен бірге мұғалімдер де 7 қаңтарға дейін отбасымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік алады. Одан кейін үшінші тоқсан басталады.
 
Келесі каникулдар:
 
1-сынып оқушылары үшін қосымша каникул — 9-15 ақпан күндері (7 күн);
 
көктемгі каникул — 19-29 наурыз күндері (11 күн).
 
Ал 25 мамырда оқу жылы аяқталады.
 

Желтоқсанда неше күн демаламыз?

Қыстың алғашқы айында мемлекеттік мейрам бар. Ол – Тәуелсіздік күні. 16 желтоқсан биыл сейсенбіге түсіп тұр. Сол күні қосымша демалыс беріледі.
Ал сенбі мен жексенбі күндерін қоса есептегенде желтоқсанда 9 күн демалуға мүмкіндік болады.