Жетісу облысында қатты жауын - шашын салдарынан Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарында сарапшылардың тексерісінен кейін, зардап шеккен 89 үй анықталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алдын ала ақпар бойынша 22 үй апатты деп танылған. Алайда кей тұрғындар комиссияның бұл шешімімен келіспейді.
Ешкіөлмес ауылының тұрғыны Айнаш Князованың үйінің сау тамтығы қалмапты. Ауласында тұрған көліктіде су басып, істен шыққан. Абырой болғанда апат болған күні өздері үйде болмапты. Болған жағдайды көршілерінен естіген. Қазір жолдасы екеуі мектеп жасындағы үш баласымен уақытша мектепті паналап жүр.
Көзіне жас алған әйел қираған қабырғаларды көрсетіп, жөндеуге де жарамайды дейді.