"

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасында Конституция күніне арналған шоу ұйымдастырылды. Телемұнарадағы мультимедиялық шоу сағат 21.00-де басталған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Конституция күніне орайластырылған шоу Көктөбе телемұнарасында қосылды. Сәулеттік-көркемдік жарықтандыру ондағы жұртқа ерекше көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, телевизиялық мұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLOS-H прожекторларымен, сондай-ақ ғимараттың 10 деңгейін бірге жарықтандыратын жарық диодты модульдері бар жарық желілерінің медиафасадымен жабдықталған.