Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Сапар аясында Қазақстан Президенті Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сонымен қатар, Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті.

Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды. Соның бірі Қазақстан азаматтарының Вьетнамға визасыз бара алуы.