Казгидромет алдағы 3күнге болжамын жариялады. Дерекке сүйенсек, ел аумағында қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Бірақ бұл ретте республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады. 15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ күтіледі.
Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Республика бойынша тұман мен екпінді жел соғады.
Сондай-ақ синоптиктер түнде ауа температурасының батыста +1+10 градусқа дейін жылынатынын, солтүстік-батыста және солтүстікте -2-11 градус суық болатынын болжады.
Одан бөлек орталықта 5-13 градусқа дейін, шығыста 5-18 градусқа дейін, оңтүстікте 2-10 градусқа дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда да көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.