Елімізде балалар саны нақтыланды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда балалар халықтың жалпы санының 33,6%-ын құрайды екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Балалардың 62,3%-ы қалалық жерде, ал 37,7%-ы ауылдық жерде тұрады. Ұлттық статистика бюросы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елдегі балалардың санына қатысты дерекпен бөлісті.
"2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы соңғы 5 жылда балалар саны 4,4%-ға артты, дейді статистика мамандары.
