Елімізде көп тұрғынның басты бас ауруы баспана мәселесі екені баршаға аян. Дей тұрғанымен, пәтер құны жыл өткен сайын көтеріліп барады. Соңғы мәліметке сүйенсек, республика бойынша жаңа үйдің орташа бағасы бір метрі үшін 538 534 теңге болса, дайын баспананың бір шаршы метрі 558 533 теңгені құрайды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады. Мәліметте баспана бағасының есебін көрсетілген. Яғни, биыл тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле тіркелген. Соның ішінде 8 527 жеке үй және 32 853 пәтер бар. Шілде айымен салыстырғанда мәмілелердің саны 4,1%-ға өсті. Бір жылдық өсім 1,3 процентті құрап отыр.
Баспана көп сатылатын өңірлер:
Тамызда ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелген. Ол жақта бір айда небәрі 283 үй сатылған.
Бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 11,3 процентке, ал қолданыстағы пәтерлердің құны 8,8 процентке көтерілді. Тұрғын үйді жалға алу төлемі де 8,5 процентке өскен.
Республика бойынша жаңа үйдің орташа бағасы бір метрі үшін 538 534 теңге болса, дайын баспананың бір шаршы метрі 558 533 теңгені құрайды.
Өңірлерде жаңа үйлер бір жылда айтарлықтай қымбаттады. Олар:
Ал қолданыстағы пәтер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе (20,2%), Павлодар (17,8%) мен Алматыда (16,6%) тіркелген.