Елде жер беру тәртібі өзгереді. Президент әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керегін тапсырды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін өзгертуді тапсырған. Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері аз емес. Бірақ үш жылдың ішінде 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылса да, жартысы ғана жаңа жер иеленушілерге таратылды.
"Сондықтан әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.