Елімізде зейнетақы жинағының шектік мөлшерін мерзімінен бұрын пайдалануда өзгерістер енгізілмек. Кемі шектік мөлшер 10 пайызға көтеріледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Биылдан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 процентке көтерілді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов лайықты зейнетақы төлеу үшін жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану шегін көтеру қажеттігін мәлімдеді.
Бүгінде зейнетақы қорының активтері 12%-ке өсіп, 25,1 трлн теңгеге жетті. Ал қордың инвестициялық кірісі 1,8 трлн теңгені құрап отыр. Ұлттық банк ұзақмерзімді кірістілікті арттыру үшін акциялар мен балама құралдар секілді активтердің үлесін арттыруды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейі үшін алмастыру коэффициентін көтеру қажет. Бұл мерзімінен бұрын қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдатуды талап етеді",- деді Сүлейменов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетері, биылдан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 процентке көтерілді. Осылайша былтыр 30 жастағы адамның біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі 4 580 000 теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 120 000 теңгеге дейін өсіп отыр.
