Елімізде алдағы күндері күн суытады. Қазгидромет солтүстік аймақтарға суық антициклон келетінін, әрі республиканың оңтүстігіне қарай суықтың ығысуына байланысты елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейтінін ескертті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазақстанның солтүстік жартысында ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайды, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік жартысында оңтүстік циклонмен бірге найзағайлы жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман болжанады", - дейді синоптиктер.
Температуралық фон:
Мәселен, 28 қыркүйекте күндіз Ақмола облысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Ал түнде тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын қарға ұласып, түнде облыстың батысында және шығысында 1 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында және оңтүстігінде, сондай-ақ, Атырау мен Астанада 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.
Ал Ақтөбе қаласына түнде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қарға ұласатын жауын-шашын жауса, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.