Еліміздегі көлік саны күн санап артып келеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 176 мың бірлікті құраған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Олардың ішінде:

86,5% – жеңіл автомобильдер;

9,7% – жүк көліктері;

1,9% – автобустар;

1,9% – мотокөлік

Сәуір айында мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

Оның ішінде:

жеңіл автомобильдер – 153,3 мың бірлік;

жүк автомобильдері – 11,3 мың бірлік;

автобустар – 1,5 мың бірлік;

мотокөлік – 18,6 мың бірлік.

2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ (мопед) дейін мотоқұралдарды міндетті тіркеу енгізілді. Сәуірде тіркелген мотокөлік құралдарының саны 18,6 мың бірлік, осылайша есепке қойылған мотокөлік құралдарының жалпы саны 115,8 мың бірлікті құрады.